Білім

Евразиялық экономикалық одақтың негізгі идеялары талқыланды

 

 

Интеграция идеясын алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жариялаған болатын. 20 жылда жетілген ойдың нәтижесі іске асып, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылмақшы. Жалпы осы уақыт аралығында еліміз үшін бірталай маңызды шаралар өткізілді. Оны бүгінгі кездесуге жиылған студенттер қауымы мен оқытушылар құрамы атап өтті.

 

Зәуре Картова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:

-20 жыл ішінде осы интеграциялық идея аясында бірталай маңызды шаралар өтті. ЕвроАзЭС-ті құру, Еуропалық экономикалық одақты құру сынды. Сондықтан Қазақстан үшін бұл маңызды мәселе. Ол тек географиялық фактор емес, бұл экономикамызға да, мәдениетке де сүбелі үлес қоспақ.

 

Жиын барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов Еуразиялық одақтың еліміз үшін берер оңтайлы тұстарын атап өтті.

 

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

-Бүгіндері бұл бізге керек пе, жоқ па деген пікірлер туындауда. Бірақ бұл арқылы шағын және орта бизнесті жүргізу үшін жағдайлар кеңейіп, халықтың әлеуметтік деңгейі өседі. Еліміз жаңа инновациялық, интеграциялық жолға түседі.

 

Еліміздің жан-жақты дамуы өзара ынтымақтастық пен ықпалдастыққа байланысты. Сондықтан мемлекетімізді өрлеудің даңғыл жолына бастайтын Елбасының идеясы үлкен қолдауға ие.

 

Мағжан Ахмадина