Білім

Биылғы жылы облыста 360 орынға шақталған балабақша ашылады

 

 

Бүгінгі күні өңірімізде 570 жалпы білім беретін мекеме жұмыс істейді. Оның 139-ы мемлекеттік тілде болса, 295-і орыс тілінде. Жастарды 12 628 педагог білім нәрімен сусындатып отыр. Облыстық білім басқармасының алдында бұл оқу ошақтарын Назарбаев интеллектуалдық мектебінің деңгейіне жеткізу тапсырмасы тұр. Осы бағытта бүгінгі күні Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясы мен Қызылжар ауданындағы Бескөл мектеп-гимназиясы Назарбаев мектебі тәжірибесіне сүйеніп жұмыс істеуде дейді Шолпан Каринова. Бұл орайда барлық ауыртпалылық педагогтарға жүктелетіні белгілі. Осыған орай, 2012-2013 жылдары 1177 педагог білікттілігін арттырған.

 

Шолпан Каринова, СҚО білім басқармасының басшысы:

– Білім жүйесін сапаландыруда ауылдардағы мектептерге ерекше көңіл бөлу керекпіз. Бұл орайда барлық аудандарда арнайы әдістемелік кабинеттер жұмыс істейді. Олардың саны 105. 2013 жыл мен 2014 жылдың алғашқы тоқсанында облыстық әдістемелік орталық  86 өңірлік деңгейде семинар мен бірқатар форум, жиналыстар өткізді. Оған 8 мың педагог қатысты.

 

Елбасы биылғы жолдауында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды жүктеген болатын. Бұл көрсеткіш біздің облысымызда 89,6 пайызды құрайды. Биылғы жылғы жоспарда 360 орынға шақталған балабақша ашылады деп жоспарлануда. Және 530 бүлдіршінге орын кеңейтіледі. Бұл бағытқа “Балапан” мемлекеттік бағдарламасының аясында 111,9 млн теңге бөлініпті. Облыста 9 мыңнан аса бүлдіршін балабақша кезегін күтіп жүр.

Жұртты алаңдатқан ҰБТ-ге санаулы күндер қалды. 2014 жылы облысымызда мектепті 4 мыңнан астам түлек аяқтайды. Оның тек 64,1 пайызы ғана ҰБТ тапсырады екен.

 

Бану Ахметова