Қоғам

Алимент бойынша қарыз 80 миллион теңгеге жуық

 

Белсенді өңір жастары жауапсыз ата-ананы осылайша ерекше түрде міндетін абыройлы орындауға шақырып, тәртіпке үндеуде. Негізінен, отбасының шырқы бұзылғаннан кейін өз баласының өміріне салғырт қарайтын әкелер алимент төлеуден жалтарады.

 

-Балалар қатарластарынан қалыспай жақсы киініп, сапалы білім алғылары келеді. Өзге оқушылардай үйірмелерге қатысып, дарындарын ашу маңызды. Бірақ мақсатына жетуге қаржы керек. Өздері болса материалдық, моральдық тұрғыдан болсын, ересектерге тәуелді ғой. Сондықтан бұл мәселеге немқұрайлық танытпаған құрбыларыммен акцияға атсалысып жатырмыз.

 

Бүгінде сот орындаушыларының өндірісінде алимент төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты 6 мыңнан артық арыз жатыр. Жыл басынан 300-ден астам іс орындалыпты. Жалпы қарыздары 80 млн. теңгенің үстінде. Жекелеген адамдардың өз балаларына тиесілі берешегі 3 млн. теңгеге дейін жетіп қалған. Сөйтіп, биыл 184 ата-ананың ел аумағынан шығуына шектеу қойылды. 31 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Қарлығаш Абаева, СҚО сот актілерін орындау бойынша департаментінің аға сот орындаушысы:

-Биылдан алимент мөлшері төменгі күнкөріс шегі емес, орташа жалақы бойынша есептеледі. Тұрақты еңбекпен қамтылмағандардың дүние мүлкіне тыйым салынады. Міндетін үш айдан артық орындамаса, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып төлеуге мәжбүрленеді. Егер де бұған мүлдем көнбейтіндер табылса, қылмыстық жауапкершілікке тарту жағы да қарастырылған. Ондайларды 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

 

Туғанынан бас тартқан жерлестеріміздің бірі биыл бірнеше тәулікке темір торға тоғытылыпты. Мамандардың айтуынша, әкелерден бөлек, алиментті өтеуден без бүйрек аналар да қашқақтап жүр. Бүгінде облыста мұндай 70 әйел бар.

 

Жеңіс Ермұқанов