“Жұмыс істегім келеді!” акциясы

Білім

14:44 21 Мамыр 2014

Гәкку Исманғалиева – гуманитарлық-техникалық колледжде қаржы мамандығы бойынша білім алуда. Көп ұзамай 2 курсты тәмамдайды. Өткен жылдан оқуынан бос уақытта даяшы болып қызмет етіп келеді. Бүгін болашақ қаржыгер «Жастар бастамалары» орталығының мұрындық болуымен өткізіліп отырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келіп отыр. Мақсаты, жалақасы жақсырақ, әрі мамандығына қатысы бар жұмыс табу.

Отырыста жастарға қаладағы кәсіпорындар мен мекемелердің қызметке қабылдау талаптары түсіндіріліп, жұмысшының міндеттері туралы айтылды.

Алексей Тетерин, “СҚО жастар бастамалары орталығы” ҚМК маманы:

-Еңбек заңнамасында көрсетілгендей, әр жұмысшы еңбек тәртібін сақтауы тиіс. Ал жұмыс беруші еңбек заңдарында қарастырылған айлық жалақыны төлеуге және тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндетті.

Сондай-ақ, орталық қызметкерлері жиналғандарға әр әрекеттің заңдылығы туралы кеңес беріп, студенттерді мамандығы мен қабілетіне қарай жұмыс орнына жібермек.

Өткен жылы 2 мыңдай студент уақытша жұмысқа орналасқан. Орталықтағылар биыл да осы межеге жетуді көздепті. Мамырдың алғашқы 15 күнінде-ақ 100-ден астам жас екі қолға бір күрек тауыпты.

Бақыт Сәдуақасов

Бұдан әрі оқыңыз

Облыс әкімдігінің отырысы
Мұғалімдерді заңсыз жұмыс істеткендер жазаланады
Қос түлек республикалық сайыста үздік атанған
Петропавлда 6 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
“Өрлеу” орталығының мамандары вебинар өткізіп жатыр
Білім беру ұйымдары жұмыстарын қайта бастайды
Соңғы қоңырау онлайн режимде өтті
Студенттер онлайн режимде емтихан тапсыруда
Уәлиханов ауданында 4 мектеп жөнделуде
“Үздік педагог” республикалық байқауы қашықтықтан өтіп жатыр