Спорт

Өңір қаржыгерлері арасындағы спартакиада

 

Алғашқылардың бірі болып ойын алаңына “АТФ” пен “Нұрбанк”-тың аяқдоп шеберлері шықты. 1-ші таймда “АТФ” қызметкерлері екі гол соқты. Нұрбанктікілер  еселерін жіберіп алмас үшін, қарсыластарының қақпасын торуылдап, шабуылдарға көшті. Бірақ олар бір голдан асыра алмады. “АТФ” ойыншылары екінші таймда допты қақпаға бірнеше мәрте дарытып, ақырында жеңіске жетті.

 

Рустам Нұрышев, “АТФ Банк” қызметкері:

-Шағын футбол ойындары тартысты басталды. Алғашқы кездесуді сәтті аяқтап, ұпай санымен алға шықтық. Әлі басқа банктермен кездесу өткіземіз.

 

Келесі болып, ойын алаңында “Альянс” пен “Каспий Банктердің” аяқ доп шеберлері қызу ойын өрнегін көрсетті. Алғашқы таймнан-ақ “Альянс Банк” мамандары қарсы қақпаға гол кіргізіп, нәтижесінде 4:1 есебімен басымдықтарын дәлелдеді. Жалпы банк саласы қызметкерлері мен қаржыгерлер арасындағы спартакиада 1996 жылдан бері өткізіліп келеді екен. Осыдан екі-үш жыл бұрын ерлермен қатар әйелдер футбол командалары да жасақталыпты. Бұл өз кезегінде банк мамандары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға себін тигізбек – дейді өңірдің бас банкирі Жомарт Қажрақымов.

Жалпы бұл турнир Әсем Жылқайдарованы еске алу құрметіне ұйымдастырылыпты. Жерлесіміз 90 жылдары банк саласында еңбек етіпті. Ал өткен жылы көлік апатына ұшырап, қаза тапқан екен.

 

Ерлан Әукенов, облыс әкімінің орынбасары:

-Бұл чемпионат көлік апатынан қаза тапқан Әсем Жылқайдароваға арналып отыр. Барлық банк саласы қызметкерлері оны еңбекқор, жауапкершілігі мол, өңірдегі қаржы саласына елеулі үлес қосқан қызметкер ретінде біледі.

 

20 банктің басын біріктірген 6 күндік спартакиадада жеңімпаз атанған қаржыгерлерге үздік шабуылдаушы, ойыншы және қақпашы кубоктары табыс етілмек. Ал өз әріптестерінің арасынан озып шыққан қаржы институты ұжымына Ұлттық банктің Кубогы беріледі.

 

Бақыт Сәдуақасов