Аптадағы маңызды жаңалықтар

Баспана құрылысын арзандату мүмкіндіктері талқыланды

 

 

Елімізде “Қол жетімді баспана-2020” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алайда дайын пәтерді сатып алуға екінің бірінің қолы жете бермейді. Себебі ондағы шаршы метр құны жоғары. Бағаны арзандатудың жолдарын қарастыру қажет. Осы тұрғыда облыс әкімі Самат Ескендіров эстониялық үй құрылысын жобалау фирмасының өкілдерімен кездесті.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Былтыр 115 мың шаршы метр үй тапсырдық, Оның құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген сома қомақты. Алайда басталған құрылысты аяқтауда жергілікті бюджеттен 2 есе көп қаржы жұмсадық. Сіздермен кездесудегі мақсатымыз өңіріміздегі тұрғын ұй құрылысы бағасын төмендету арқылы баспананы қолжетімді ету.

 

Кездесу барысында аталмыш фирма жетекшісі Филипп Морозов жиынға қатысушыларды компания әзірлейтін үй құрылысы жобаларымен таныстырды. Ол баспананы темір-бетонмен салуға қолайлы көрінеді. Бүгінде жаңашылдық негізінен Ресейде қолданысқа енгізілген. Бетоннан салынатын үйлер 3-5 қабаттан аспайды екен.

Қазіргі күні эстониялық жоба бойынша елордасы Астанада да баспаналар тұрғызылып жатыр деп атап көрсетті өз сөзінде эстондық мейман. Аталмыш фирма темір-бетоннан сондай-ақ коттедждер салуға арналған жобаны да әзірлепті.

 

Филип Морозов, эстониялық фирма басшысы:

-Біз конструкциялық жобалар әзірлейміз. Ол негізінен темір-бетон құрылысына қатысты. Сіздерде бұл ретте арнайы зауыт құрылысы қолға алынды. Өз кезегімізде оларға бетоннан салынатын үйге қажетті жоба мен жабдықтарды сол жерде әзірлеуге қол ұшын беруге дайынбыз. Кәсіпорында көпқабатты үйге қажетті бетондарды нақты өлшемдерімен әзірлеуге болады. Ол біріншіден уақыт үнемдеуге тиімді болса, екіншіден ондай үйлердің бағасы да кірпіш үйлердікінен әлдеқайда арзан.

Бүгінде аталмыш фирманың дайын жобалары Скандинавия мен Ресейде кеңінен қолданылу үстінде. Ол СҚО-ға да қолайлы болары сөзсіз деп атап көрсетті Санкт-Петрбург  “Құрылыс технологиялары” компаняисының басшы Сергей Железняк. Себебі біздің климат олардікімен бірдей.

 

Самат Ескендіров,СҚО әкімі:

-Біз бір жыл бойы баспананың шаршы метрінің құнын арзандату тұрғысында бірнеше жобалар мен ұсыныстарды қарастырдық. Ақырында іріпанельді үй құрылысын қолға алуды жөн санадық. Қазір соған қажетті материалдар шығаратын кәсіпорынды жаңғыртып жатырмыз. Бұл ретте сіздер ұсынып отырған жобаның тиімді тұстарының бар екендігіне көз жеткіздік.

 

Осыны алға тартқан облыс әкімі эстондық жобаны пайдалана отырып, үй құрылысы комбинатында әзірленген материалдардан баспана салу жұмыстарын сынақ ретінде Шығыс мөлтек ауданынан бастау қажеттігін атап көрсетті. Ол келер жылдың жазынан қолға алынбақ.

 

Самат Есмағи