Білім

ҰБТ қарсаңындағы ата-аналар жиналысы

 

Қазақстан бойынша ҰБТ маусымның 1-15-і аралығында өтеді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл ауқымды емтиханға ел бойынша 100 мыңнан астам талапкер қатыспақ ниетте. Маңызды шара күн санап жақындап келеді. Ал түлектердің емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындығына ата-аналар да жауапты. Сондықтан Астана қаласының отбасылық тәрбиелеу институтының мамандары оларға психологиялық кеңес беруде.

 

Светлана Муртазоева, Астана қалалық отбасылық тәрбиелеу институтының психологы:

-Баланың отбасында алған тәрбиесі болашағына қатты әсер етеді. Сондықтан әрбір ата-ана баласының мектептегі сабағына қарап, көңіл-күйіне үнемі назар салуы қажет. Бұл маңызды емтиханда отбасылық тәрбиелеу институты ата-аналар мен талапкерлерге үлкен көмек көрсеткісі келеді.

 

Бірінші қазақстандық жиналыс Петропавл қаласынан өзге 16 өңірде ұйымдастырылды. Кәсіби кеңестерді тек Астана қаласындағы отбасылық тәрбиелеу институтында арнайы даярлықтан өткен педагог-психологтар ғана беруде. Алдын ала болжам бойынша оған білім министрлігі 45 мың мектеп бітіруші түлектің ата-анасын тартуды көздеген.

 

Гүлден Ақмағамбетова, Петропавл қалалық білім бөлімінің әдіскері:

-Көп ата-аналар балаларына қажетті деңгейде көңіл бөлмейтіні біз көріп жүрміз.

 

Айгүл Казиеваның кенжесі Айдана биыл мектеп бітіреді. Оқу екпіндісі 11 жыл бойы сабағын тек 4 пен 5-ке оқыған. Келешегін қаржылық саламен байланыстырғысы келеді. Сондықтан ҰБТ-де профильдік пән ретінде географияны таңдаған. Талапкердің анасы қызын маңызды шараға әу бастан дайындап келетін айтады.

 

Айгүл Казиева, мектеп бітіруші түлектің анасы:

-Осындай жиналыс бізге үлкен көмек.

 

Кеңеске 200-ге жуық адам қатынасты. Жиын барысында білікті мамандар ата-аналарға қазақ және орыс тілінде тақырыптық бейнеролик, жағдаяттан шығатын түрлі тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеп әкелген. Сондай-ақ, әрбір тыңдаушыға ҰБТ-ға қатысты кеңестер мен ұсыныстар жазылған жадынамалар таратылды.

 

Берік Қасен