Спорт

“Қызылжардың” кезекті ойыны өз алаңында өтті

 

Жергілікті футбол командасының ойынын тамашалауға облыс әкімі Самат Ескендіров келді. Осы жолы петропавлдық “Қызылжар-СК” командасы өз алаңында қарағандылық “Гефест” құрамасын қабылдады. Ойынның алғашқы минуттарында-ақ қызылжарлық шабуылдаушы Эльдар Аитов қонақтардың қақпасына алғашқы голды соқты.

Кейін екі жақтың аяқдоп шеберлері соққы жасағанымен, допты қақпаға дарыта алмады. Тек ойынның 34-ші минутында қарағандылық аяқдоп шебері Айдос Таттыбаев есепті теңестірді.

Осылайша бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.

2 таймда жергілікті аяқдоп шеберлері қарсы қақпаға бірнеше рет соққы жасап, оның біреуі нәтижесін берді. Дегенмен қонақтар да ұтымды сәтті дер кезінде пайдаланып, қақпаға өз доптарын кіргізді. Сөйтіп, есеп қайта теңесті.

2 таймның аяқталуына аз уақыт қалған кезде қарағандылықтар алаң иелерінің қақпасына тағы бір гол салды. Нәтижесінде 3:2 есебімен “Гефест” командасы жеңіске жетті.

 

Кирилл Кекер, “Гефест” футбол командасының капитаны, Қарағанды қаласы:

-Барлық командалардың дайындық деңгейі жоғары. Сондықтан да кездесу оңай болған жоқ. Алда әлі кездесулер бар. Сол ойындарда жеңіске жету керек.

 

Енді мамырдың 31-і күні “Қызылжар-СК” командасы өз алаңында теміртаулық “Болат АМТ” құрамасымен тартысқа түспек.

 

Бақыт Сәдуақасов

 

style=