Мәдениет

Мұражайдағы “Мың бір түн”

 

 

Мереке шығыстың аспабы қарнайдың дауысымен басталды. Ізінше шығыс сұлулары мұражайға келушілерді Әли-баба апанына апарса, теңізші Синдбад жер шарына саяхат жасауға шақырды.

 

Нұрбол Асқаров, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актеры:

-Біз келушілерге шығыс бағытында шағын қойылым қоямыз. Мен Әли-бабаның рөлінде қонақтарды қарсы алып, оларға жақсы көңіл-күй сыйлаймын.

 

Балғындар мен ересектер мұражайдың қай бөлмесіне бармаса да, барлық жерде алдарынан көне шығыстың персонаждары шығып отырды. Олар келгендердің көңілі көтеру үшін “Қазына” атты ұлттық ойынын ойнатты. Кезінде тұрмыстарында қолданған экспонаттарымен таныстырды. Мұражай қонақтары бұл тамаша көріністі түнгі 11-ге дейін тамашалай алды.

 

Камила Муханова:

-Мұражайға апаммен келдім. Мұнда маған отты қалай жағатынын көрсетті.

 

Әнеля Козайыр:

-Мұражайға сіңліммен келдім. Кеш жақсы өтіп жатыр. Бәрі қызықты. Өз басым көп нәрсені үйреніп, біліп жатырмын. Тарихты, көне нәрселерді тамашалағанды жақсы көремін.

 

Мерекелік кештің қызықты өтуіне мұражай қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ театр әртістері, кітапханашылар мен шеберлер атсалысты.

Мерекеде балғындарға түрлі байқаулар өткізілді. Белсенділік көрсеткендер тиісінше сыйлықтарға ие болды.

 

Берік Қасен