Құқық қорғау органдары

Бұрынғы полицейлердің үстерінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шықты

 

Евгений Копа өткен жылы сәуірдің 28-нде жоғалып кеткен болатын. Оның әжесі мен жолдастары ішкі істер органдарына хабарласқаннан кейін 3 апта өткенде жігіттің денесі Есіл өзенінен табылады. Марқұмның өліміне себепші болған Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің үш полиция қызметкеріне қатысты бүгін сот үкімі шықты. Айыптылар мен олардың жақындары видео және фото түсіруден үзілді-кесілді бас тартты. Үкімді тыңдауға жапа шеккен азаматтың туысқандары мен ауылдастары да келген. Сот барысында қылмыскерлердің кінәсі дәлелденіп, судья олардың жазасын жариялады.

 

Бауыржан Баймурзин, СҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы:

-ҚР ҚК 58-бабының 1және 4-ші бөлімдеріне сәйкес  Умбетов 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтесін. Алдамасов пен  Серикбайға ҚР ҚК 28-ші бабының 5-ші бөлімі, 125-бабының 2-ші «в» бөлімі, 363-шы, 58-ші бабтарының 3-ші бөліміне сәйкес 8 жылға жалпы тәртіптегі колонияда бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін.

 

Евгений Копаның туыстары сот үкімімен келіспей отыр.

 

Василий Семеновых, Евгений Копаның кіндік әкесі:

-Адамды өлтірге 8 жыл берді деген масқара ғой. Мен бұнымен мүлдем келіспеймін. Сот отырысы бір жылға созылды, бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаны көрсеткенде ғана полиция қызметкерлері қимылдай бастады. Прокурор да жауаптардан бірнеше рет бас тартты. Бұлай істеуге бола ма екен? Талап-арыз қанағаттандырылған жоқ, әжеміз Евгенийдің қолында болатын. Енді оның жағдайы жоқ.

 

Сот кесімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар мен жапа шеккен тараптың шағым жазуға мүмкіндіктері бар.

 

Данаш Хамзина