Қоғам

“Ханафи мазхаб – Қазақстан мұсылмандарының рухани мұрасы”

 

Конференция қазіргі замандағы діни экстремизмге қарсы әрекет етудің тетіктерін талқылауға, қоғам үшін ханафи мазхабының маңыздылығын айқындауға бағытталған. Жиында сөз сөйлеген қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Әбілхан Жәпішев аталмыш мазхабтың ерекшеліктері туралы баяндады.

 

Әбілхан Жәпішев, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы:

– Ханафи мазхабының ерекшелігі әрбір ұлттың салт- дәстүріне ерік бере отырып, дінді насихатттау. Яғни, сол халықтың, мемлекеттің салт- дәстүріне тоқтау салған емес. Керісінше, оны дінмен байланыстырып жеткізеді. Қазіргі күні жастар көптеген ислам дініне кереғар мазхабтарға еріп кетеді. Сондықтан дұрыс жолды таңдауы үшін керек.

 

Жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру және ұлттық ерекшелікті сақтау жолында мұндай діни мұралардың атқарар рөлі зор. Конференцияға қатысушыларды мұқият тыңдаған жастар Ханафи мазхабы жайлы мол ақпарат алған.

 

Олжас Сәбитов, Әл-Фараби мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы:

-Әбу Ханифа мазхабы. Әбу ол адам. Мазхаб- жол дегенді білдіреді. Сонда ол адамның баратын ақ ниеті, жолы дегенді білдіреді. Адам өміріне дін не үшін қажет десе,мен дін адамды имандылыққа және мейірбандылыққа үйретеді дер едім.

 

Жиында сондай-ақ, Қазақстандағы тұрақты діни ахуалды сақтаудың тетіктерін жетілдіру мен дамыту мәселелері де қаралды.

 

Мағжан Ахмадина