Денсаулық сақтау

Петропавлда ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды

Акция барысында мектеп оқушыларына ғасыр індеті СПИД ауруының зардабы түсіндіріліп, балалар арнайы қызыл және жасыл ленталарға өз тілектерін жазды. Орталық мамандары қазірден бастап балалармен әңгіме жүргізуде. Өйткені дәл осы білместік салдарынан көп адамдар қауіпті аурудың құрбанына айналып жатыр.

 

Татьяна Сайкина, облыстық СПИД орталығының ұйымдастыру және әдістемелік бөлімінің меңгерушісі:

-Қатерлі індеттен қаза тапқан адамдарды еске алу шарасын жыл сайын өткіземіз. Сатистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда ғасыр ауруына шалдыққан адамдар саны көбейіп жатыр.

 

Кейін оқушылар мектеп ауласына бет алды. Онда олар СПИД ауруынан көз жұмған адамдарды еске алып, 3 жас көшет отырғызды.

 

Дмитрий Лепёшкин, Ю. Гагарин атындағы №14 мектеп оқушысы:

-Мен бұл індет туралы білемін. Бізге мұғалімдер де жиі айтып отырады. Сондықтан да абай болғанымыз жөн.

 

Иляна Прудникова,Ю. Гагарин атындағы №14 мектеп оқушысы:

-СПИД ауруын жұқтырғандар осы айықпас дертке шалдыққандығы жайында біле бермейді. Ол тек бірнеше жылдан кейін анықталып жатады.

Білім ошағының ұстаздары да сабақта оқушыларға СПИД туралы кеңірек түсіндіретін көрінеді. 1989 жылдан бері облыста қатерлі ауруға шалдыққан 693 факті тіркеліпті.

 

Бақыт Сәдуақасов