Спорт

«Ұлан» облыстық спартакиадасы

 

9 адамнан құралған 10 құрама бірінен соң бірі өздеріне тиесілі нормативтерді орындап жатыр.

Саппен жүру дайындығын еңсергендер автоматты бөлшектеп- жинаудан сынға түсті. Осы сайыста жақсы нәтиже көрсеткендердің бірі- Алтынбек Әділбеков. Ол қаруды 21 секундта жинаған.

 

Алтынбек Әділбеков, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп- интернатының 10 сынып оқушысы:

-Мен автоматты 21 секундта жинадым. Жалпы келекшекте өз өмірімді әскери саламен байланыстырғым келеді.

 

Сайысқа қатысушылар газқағарды өзіне және жарақаттанған адамға кигізуден сынға түсіп, 1 шақырымдық кросты жүгіріп өтті. Кейін белтемірде тартылды. Жалпы 10 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Ұлан» спартакиадасы жастарымызды Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге даярлап, олардың арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттауға, саламатты өмір салтын қолдауға үйретеді.

 

Ерғали Жарқымбаев,СҚО білім басқармасы, дене тәрбиесі, спорт және АӘД аймақтық оқу-әдістемелік орталығының бас инспекторы:

-Бұл алғашқы әскери даярлық бойынша оқып жатқан балалар білімдерін көрсетеді. Әскери ойындарды өткізудің пайдасы көп. Оқушыларды біздің еліміз Қазақстанды, туған жерлерін сүюге дайындайды. Отансүйгіштікке баулиды.

 

Ал сайыстың екінші күнінде оқушылар пневматикалық қарудан атып, граната  лақтырады. Кедергілер жолын бағындырады.

 

Мағжан Ахмадина