Қоғам

“Мөлдір бұлақтан”

 

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы дәлізінде қолөнер көрмесі жайылған. Әр бұрыш жеке отбасының қолынан туған дүниелер. Мына ұлттық нақышта безендірілген бұйымдар Жамбыл ауданының  Төребековтар әулиетінің еңбегі. Бұл кереметке жанұяның әр мүшесі үлес қосқан. Отағасы ағаш өңдесе, тоқыма мен текемет анасы мен қыздарының жемісі

Кейін көрме авторлары 7 отбасы Киелі сахна төріне ауысты. Әрбірі өз ауданының намысын арқалаған өнегелі жанұя. Өзгеге үлгі болып жүргендер шаңырақтарындағы ерекшеліктерін баршаға паш ету үшін жиналып отыр. Бірінші сын – таныстыру. Тірлігі мен бірлігі, әні мен сәні жарасқан сайыскерлер кейін шығармашылық кезеңде сыналды. Біреулері салауатты өмір салтын насихаттаса, келесілері мың бұралып биледі. Қара өлең ұйқастырып поэзиямен әуестенетінедері де табылып жатты. Отбасы мүшелері бір адамдай қосылып ән де шырқады.

“Мөлдір бұлақтан” өңірлік отбасылық шығармашылық байқауында жүзден жүйрік атанғандар  марапаттарға ие болды. Бастысы еліміздің әр әулеті шағын мемлекет. Жанұядағы әл-ауқаттың өсіп, татулықтың тұрақтауы бай да, қуатты ортақ үйіміздегі береке бірліктің белгісі.

 

Жеңіс Ермұқанов