Спорт

Өңір каратэшілері каратэ-додан өткен ел чемпионатынан жүлделі оралды

Мамырдың 10-11-і күндері елордада өткен республика чемпионатына каратэ шотоканнан еліміздің әр аймағынан 400-ден аса спортшы қатысыпты. Осы жарыста жерлесіміз Ольга Кожемякина ката және кумитэ бойынша 1-ші орынға ие болды. Каратэмен 5 жылдан бері айналысып жүрген Ольга  ақтық сында қызылордалық қарсыласымен белдесіп, жеңіске жеткен екен.

 

Ольга Кожемякина,каратэден спорт шеберлігіне үміткер:

-Жарыс екі күнге жалғасты. Бірінші күні 13 жасқа дейінгі балалар, ал екіншісінде жасөспірімдер кездесті. Барлық спортшылардың дайындықтары жоғары болды. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан мен Астана, Қарағандының каратэшілері мықтылығын көрсетті. Өзім екі кездесу өткізіп, біріншісінде 4:1, екіншісінде 7:4 есебімен басым түстім.

 

Ал балалар арасында Жасұлан Жақсымбаев 2-ші орынды місе тұтқан. Өйткені ақтық кездесуде қарсыласынан ұпай санымен ұтылып қалған. Алайда 8 жасар спортшы еш өкінбейді, керісінше алдағы сайыстарда жоғары жетістікке жетуге тырысатынын айтып отыр.

 

Жасұлан Жақсымбаев, чемпионат  жүлдегері:

-Астана қаласында өткен чемпионатта екінші орынға тұрақтадым. Онда 4 кездесудің 3-уінде жеңіске жетіп, 1-уінде ұтылып қалдым. Осы күнге дейінгі жеткен жетістіктерім үшін бапкеріме алғысымды білдіремін.

 

6 -18 жас аралығындағы каратэшілердің тартысында өңір спотшылары 4-ші орынға тұрақтаған. Мұның өзі үлкен көрсеткіш деп отыр  жаттықтырушы.

 

Асқат Сақыпкереев, СҚО каратэден аға жаттықтырушы:

-Жарысқа солтүстік өңірден 14 каратэші қатысты. Атап кететін жәйт, чемпионатқа алғаш рет жас спортшылар да қатысты. Ал ересек спортшылар арасында тәрбеленушілерім жеңімпаз атанды. Барлық спортшыларымнан зор үміт күтемін.

 

Енді жерлес спортшылар маусым айында жасөспірімдер арасында өтетін чемпионат пен тамыз айына жоспарланған Азия чемпионатына іріктеу жарысына қатысуға дайындықтарын бастап кеткен.

 

Бақыт Сәдуақасов