Құқық қорғау органдары

Облыста ҚР ІІМ ақпараттық-насихат тобы жүмыс істеуде

 

Елбасы халыққа арнаған әр жолдауында Ұлттық қауіпсіздікке басымдық береді. Бұл орайда қоғам күзетінде жүрген тәртіп сақшыларына артылар жүк ауыр. Бүгінде ізі суымай ашылған барлық қылмыстардың 98 пайызы ішкі істер органдарының үлесінде. Дей тұра біз бен сіздің сақтығымыз үшін табанды еңбек етіп жүрген полицейлерге халықтың сенімі төмен. Президент бұл көрсеткішті 60 пайызға дейін жеткізуді тапсырды. Осы мақсатта ІІМ жолдауды насихаттаушы ақпараттық жұмыс тобы облысымызға келді. Үгіт шаралары ІІД жеке құрамы мен қоғам өкілдері арасында жүргізілуде.

 

Айгүл Майданова, ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының кафедра меңгерушісі:

-Үш күннің ішінде өңірдің шалғайдағы 6 ауданында болып, тұрғындармен жүздестік. Өнерден де жұрдай еместіктерімізді таныттық. Министрлік ансамблі барған жерлерде концерт берді. Бұл полицейлерді ғылыми, кәсіби және шығармашылық тұрғыда шыңдайды. Бұның бәрі құқық қорғау органы қызметкерлерінің халық алдында беделін арттыру қамында ұйымдастырылып жатыр.

 

Сапарларының бастысы әрине қылмыстың алдын алуда қоғаммен бірлесіп әрекет етудің жолдарын қарастыру. Сондай-ақ жуырда күшіне енген ІІО туралы жаңа заңды кеңінен насихаттау.

 

Болат Қаженов, ҚР ІІМ департаментінің бөлім бастығы:

– Тәуелсіздік алғалы Қазақстан полициясы талай реформаларды бастан өткерді. Штаттық құрам, құрылымдарда түрлі өзгерістер болды. Заңдар жетілдіріліп жатыр. Сондағы мақсат бір қоғамдық қауіпсіздік пен конституцияның сақталуын қадағалау.Барлық жаңашылдықтар осының негізінде жасалады.

 

Республикалық жолдауды насихаттаушы үгіт тобының өңірдегі жұмыс сапары мамырдың 17-не дейін жалғасады.

 

Жеңіс Ермұқанов