Қоғам

Бала туу айтарлықтай азайды

Ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 113 мың 748 теңге. Көлік саласында – 112 мың 228 теңге. Жоғары жалақының үштігін ақпарат және байланыс мекемелері тұйықтайды. Мұндағы еңбекақы 108 мың теңгеден асады. Еңбекпен қамту органдарында жұмыссыздар есебінде тізімде тұрған азаматтардың саны сәуір айының соңында 1763 адамды құраған. Өтініш түсіргендердің 77 пайызы жұмыспен қамтылып отыр.

Жалақының көтерілуіне байланысты азық-түлік 4 пайызға қымбаттады. Статистика департаментінің ақпараты бойынша сәуір айында сүт өнімдерінің бағасы 3 пайызға, балық  – 1,6, жеміс-жидектер мен көкөністер 1,4 пайызға өсті. Нан өнімдері мен жарма 1,2 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар, ет, қант пен тәтті тағамдардың бағасы жоғарылады.

 

Данаш Хамзина