Мәдениет

Белгілі режиссер Алла Сурикова Петропавлға жаңа фильмін әкелді

 

 

Алла Сурикова қаршадайынан әртіс болуды армандаған. Мектепте жүріп бірнеше шығарманы сахнаға шығарады. Кейін тележүргізуші және режиссердың көмекшісі болған ол сценаристер мен режиссерлерге арналған  курстарды тәмамдайды. 1970-ші жылдардан бастап жеке режиссерлік жұмысы басталады. Сол уақыттан бері ол 30-дан астам фильмді жарыққа шығарған. Ал бүгін «Қазақстан» кинотеатрында режиссер Алла Сурикованың «Полный вперед» фильмінің тұсауы кесілмек.

 

Алла Сурикова, Ресейдің халық әртісі, кинорежиссер, сценарист:

-Бұл фильмде бала үшін толық отбасында өмір сүру қаншалықты керек екендігі айтылады. Махаббатқа кенеліп өскен бала есейгенде қатыгез болмайды. Отбасы құндылықтарын дәріптейтін кино алғаш рет көрерменге жол тартады. Енді фильм қазақстандықтар көңілінен шығады деген ойдамын. Әрбір көрген адам өзіне бір ой түйіп, өмірде қателіктер жібермесе екен деймін.

 

Алла Сурикова режиссерлік саланың қыр-сырымен бөлісіп, өзі түсірген туындылар туралы әңгімелегенді ұнатады. Сондықтан Погодин атындағы драма театрында солтүстікқазақстандықтармен кездескен сценарист, жиналғандармен емен-жарқын тілдесті. Жалпы кездесу жастардың көңілінен шықты.

 

Артур Азизляр,студент:

-Кездесу қызықты өтті. Алла Ильиничнаның кей киноларынан үзінділер көрдік. Жалпы ол өте дарынды режиссер. Оның түсірген туындылары маған ұнайды.

 

Дарынды сценарист елімізге алғаш келіп отырған жоқ. Сондықтан да әртісті қазақы қонақжайлылық әрқашан таңқалдыратын көрінеді.

 

Мағжан Ахмадина