Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ түлектерінің жартысынан астамы жұмыс іздеуде

Университеттің түлектерін еңбекпен қамту мақсатында ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Мәдина Сандыбаева да келді. Ол биыл ЖОО жақсы деген бағамен тәмамдағалы отыр. Ақпараттық жүйелер факультетінде физика мамандығын меңгерген түлек “Дипломмен – ауылға” мемлекеттік бағдарламасы бойынша екі қолға бір күрек тапсам деген үмітте.

 

Мәдина Сандыбаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 4 курс студенті:

-Мен өз аулым Мамлютке барсам деймін.

 

Ең алдымен мұнда шағын форум ұйымдастырылды. Онда жұмыс берушілер өздері жайында ақпарат берді. Бүгінгі шараға Қызылжар ауданының Кондратовка орта мектебі де қатысуда. Олар жастарға 3 бос жұмыс орнын ұсынды.

 

Маржангүл Жүзенова, Кондратовка орта мектебінің директоры, Қызылжар ауданы:

-Физик, химик, биолог мамандар  қажет.

 

ЖОО-ны жастарды 46 мамандық бойынша даярлайды. Биыл бұл оқу ошағын 1048 студент тәмамдамақ. Бүгіннің өзінде олардың 45 пайызы еңбекпен қамтылыпты.

 

Наталья Побежук, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бөлім басшысы:

– Біздің студенттер оқу тәжірибесі барысында жұмысқа орналасып жатады. Педагог пен техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Сондықтан олар дер кезінде еңбекпен қамтылып отыр. Ал, экономистер мен заңгерлердің қызметке орналасуы қиынға соғуда. Айта кету керек, мұндай бос жұмыс орындары жәрмеңкесін жылда өткіземіз.

 

Бүгінгі шараға облысымыздағы 100-ге тарта кәсіпорын мен оқу ошағы бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар бұл университеттің түлектерін Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары да еңбекпен қамти алатындарын айтып, ұсыныс жіберіпті.

 

Бану Ахметова