Спорт

«Пять колец Москвы» жарысында солтүстікқазақстандық команда 8-ші орынға ие болды

«5 колец Москвы» көпкүндігіне 26 елден 162 спортшы қатысқан. 160 шақырымдық жолды біздің жерлестеріміз жақсы нәтижемен жүріп өтіп, 8-ші орынға тұрақтады.

 

Александр Шушемоин, «Vino4ever» командасының капитаны, велоспорттан спорт шебері:

-Әрине жарыстар қиын болды. Халықаралық дәрежедегі сайыс болғандықтан қарсыластар мықты. Десе де біз сияқты жас команда үшін бұл үлкен жетістік. Алда әлі бірнеше жарыстар бар. Соларда жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамын.

 

«Vino4ever» өзінің жеңіс жолын енді ғана бастады. Қазір командадағы 10 велошабандоз түрлі жарыстарда шеберліктерін шыңдауда. Команда жаттықтырушысы – Сергей Даникердің айтуынша спортшылардың бағындырар асуы әлі алда.

 

Сергей Даникер, «Vino4ever» командасының жаттықтырушысы:

– Мықты спортшылар жетерлік. «Астана» континентал құрамасының спортшыларына жақсы бәсекелестік көрсететін де тәрбиеленушілеріміз бар.

 

Қазір жерлестеріміз велоспорттан өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде.

 

Мағжан Ахмадина