Қоғам

Әркез ардақ тұтар есім

 

Ербол Шаймерденов еліміздегі алғашқы баспасөз қызметін құруға атсалысқан танымал журналистердің бірі. Ол 1992 жылы ұлттық геральдиканы қалыптастыру ісіне қатысып қана қоймай, мемлекеттік рәміздер туралы бірнеше еңбектің авторы атанған. Сондай-ақ, әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Жерлесіміз 20-ға жуық ғылыми-зерттеу, публицистикалық жинақ жазып кеткен. Қоғам қайраткерін еске алуға зиялы қауым өкілдері мен оқушылар келген. Өскелең ұрпақ осы жиында Ербол Шаймерденовтың туыстарымен, мектептегі ұстазымен танысты.

 

Байқуаныш Сәрсенбин, Ербол Шаймерденовтың әкесінің інісі:

-Кішкентайынан достарына келгенде талғампаз болды. Үйде үлкеннің алдынан кесе көлденең өтіп, не ағалардың сөзін тыңдамаған кезі болған емес.

 

Күлзи Бисары, Ербол Шаймерденовтың мұғалімі:

-Оқушым өте зерек болатын. 5-сыныптарда өлең шығаратын. Туындыларын аудандық, облыстық газеттерге жариялап жүрді. Мектептегі шығарманы өлең шумақтарымен жазатын.

 

Ербол Шаймерденов 12 мамырда Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылында дүниеге келген. Бүгінде тірі болса 60 жасқа толар еді. Жерлесіміздің артында 2 қызы мен ұлы қалды. Еске алу кешінде қаламгердің студенттік шақтағы достары, жерлестері мен әріптестері сөз алы.

 

Жарасбай Сүлейменов, «Солтүстік Қазақстан» гезетінің бас редакторы, Қазақтан Жазушылар одағының мүшесі:

-Ербол рәмізге, әдебиетке қатысты жазған біраз еңбектеріне ешкімнің дауы жоқ. Қаламгер қоғам қайраткерлерін көзі тірісінде мойындатып үлгерген.

 

Еске алу шарасына орай, «Асыл сөзден інжу-маржан терген» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, кеш барысында жиналғандар ақынның өлеңіне жазылған «Арман қала – Астана» әнін тыңдады.

 

Берік Қасен