Денсаулық сақтау

12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні

 

Мұқтаж жандарға көмек көрсету – парызым деп білетін Елена Химичтің медицина саласында еңбек етіп жүргеніне 23 жыл болыпты. Таң қылаң бере салысымен, ол учаскесіне қарайтын барлық науқастарды аралайды. 10 жылдан бері №1  қалалық емханада қызмет ететін тәжірбиелі маман  жуырда халықаралық медбикелер күніне орай өткізілген байқауда бірінші орынға қол жеткізген.

 

Елена Химич, № 1 қалалық емхананың учаскелік мейірбикесі:

-Медбикенің шеберлігі – ол өзі қызмет ететін емдеу мекемесі жайлы ақпар бере алады. Мен біздің емхананың шынымен де 1-ші екендігін дәлелдедім. Біз ең алдымен науқастарға психологиялық демеу көрсетіп, мейірімділік танытуымыз керек.

 

Дәрігердің басты көмекшісі болып табылатын медбикелерден, ең біріншіден жауаптылық талап етіледі. Бүгіндері №1  қалалық емханада 118 орта медициналық қызметкер бар.

 

Людмила Петрова, № 1 қалалық емхананың бас медбикесі:

 

-Орта медицина қызметкерлерінің 63-нің категориялары бар. 26-сы жоғарғы санатты болса, 13-і 1-ші дәрежелі және 20-сының 2-ші дәрежесі бар. Емхана әрдайым персоналды таңдауға жауапкершілікпен қарайды. Өйткені атқарып жатқан ісіміз маңызды. Адам өмірі мен денсаулығы біздің қолымызда. Осынау жауапты істе жүрген барлық әріптестерім – медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.

 

Ал үстіміздегі жылы емдеу мекемесі қызметкерлерінің қатары 7 жас маманмен толыққан.

 

Мағжан Ахмадина