Қоғам

Солтүстікқазақстандық іздеушілер 48 майдангердің сүйектерін тауып, жерледі

 

 

«Еске алу» вахтасына аттанғандардың бірі – Сергей Ченцов. Ол осымен іздеу жұмыстарына 3-і рет қатысып отыр. Мұндай шаралар үлкен патриоттық тәрбие береді дейді ол.

 

Сергей Ченцов, «Поиск» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

-Іздеу жұмыстарына барған ұнайды. Өзіңді үлкен ерлік жасағандай сезінесің. Және бұл дегеніміз ата- бабаларымызға деген алғысымыз. Олардың ерліктері мен есімдері ұмыт қалмауы тиіс.

 

«Поиск» қоғамдық бірлестігі мүшелерінен жасақталған солтүстікқазақстандық топ Ресейдің Тула облысына барған. 8 адамнан құралған жасақ шайқастарда қаза тапқан белгісіз жауынгерлердің 6-ның сүйегін тауыпты. Биылғы жылдың ерекшелігі ол қару- жарақтар қорының мол болғандығы дейді іздеушілер.

 

Андрей Кошелев,«Поиск» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

-Қару- жарақтар  көп кездесті. Олардың барлығын біз мамырдың 7-сі күні жойдық. Жалпы биылғы жылы ауа райы да жайлы болды. Іздеу жұмыстарына еш кедергі келтірген жоқ.

 

Ал өңірімізден аттанған екінші топ, яғни «Саланг» әскери-патриоттық клубының мүшелері Ресейдің Новгород облысына барыпты. Олар 42 жауынгердің сүйегін көтеріп, 2 медальон тапқан.

 

Александр Азегов, «Саланг» әскери- патриоттық клубының жетекшісі:

-Оқылған заттардың ішінде 3 қазақстандықтың есімі белгілі болды. Олардың 2-уі Қызылорда облысынан болса, тағы 1-уі Ақмола облысының азаматы екен.

 

Жалпы, қазба жұмыстарына бірнеше елден 29 отряд қатысқан. Олар барлығы 703 жауынгердің сүйегін тауыпты. Іздеу шараларының барысында майдан даласынан табылған жауынгер сүйектері мен заттар құрметпен жерленген.

 

Мағжан Ахмадина