Без категории

Жеңіс күні жастар “Біз мақтан тұтамыз және еске аламыз” акциясын ұйымдастырды

Отан үшін от кешкен қарт майдангерлердің жасаған ерлігі мен батырлығын – өскелең ұрпақ қашан да біліп, оларға тағзым етеді. Осы мақсатта бұрыннан келе жатқан Георгий лентасынан бөлек өңірімізде тағы бір лента жарыққа шықты. Қайсы бір лента болмасын, ол ең біріншіден жауынгер ерлігінің нышаны, жас ұрпақтың ата-баба рухына деген тағзым-тағылымы, өткен күндерді еске алу белгісі болып табылады. Осылайша ұйымдастырушылар жаңа лента арқылы кейінгі толқынға париоттық сезім мен ардагерлерге деген құрметті арттыруды көздепті.

Әзірге бұл акцияны солтүстікқазақстандық жастар енгізіп отыр. Жаңалықты еліміздің басқа да аймақтарының белсенді жастары естіп, оған үн қоспақ ниетте. Ал осыған дейінгі көпшілікке танылған “Георгий лентасының” тарихи мәні де тереңде жатыр. Бірі Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңіске жетуге септігін тигізген ардагерлерді еске алып, оларды ардақ тұту болса, екіншісі қоғам назарын ардагерлер мәселесіне аудару болып табылады. Дейтұрғанмен, жаңадан шыққан “Отан үшін” лентасының дизайндық бейнеленуіне жерлестеріміз оң бағасын беруде.

Сұм соғыста жан аямай алысқан қарт майдангерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық етпесі анық. Сондықтан да ұйымдастырушылар жаңа лентаның көпшілік қолдауына ие боларына сеніммен қарайды.

 

Бақыт Сәдуақасов