Без категории

Петропавлдың орталық алаңында “Мәңгілік полк” шеруі өтті

Бану Ахметова, тілші:

– Бүгінгі күні еліміздің ауыз біршілік пен ынтымақтастық, бейбітшілікте өмір сүріп жатқандығы ҰОС ардагерлерінің арқасында. Өйткені, олар қанды шайқаста Отанымызды жаудан қорғап, кеуделерін оққа төсеп, жан пида етті. Сондықтан да, қазіргі көзі тірі батырларымызды ардақтап, құрмет көрсету міндетіміз. Өйткені, олардың саны жыл санап азайып барады.

 

Табаны күректей төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы талай жүректерге жара салды. Іске жарар ер азаматтар қолдарына қару алып, майданға аттанды. Тылда қалған әйелдер мен қарттар, бала-шаға ауыр жұмысқа жегілді. Соғысқа аттанғандардың дені елге оралмады. Сұрапыл жылдардың куәгерлері бейбітшілігіміз тұғырлы болса екен дейді.

Жеңіс күнін тойлауға орталық алаңға келгендердің қатарында шек болмады. Олар ең алдымен “Мәңгілік полкі” шеруін тамашалады. Онда соғыс жылдары із-түссіз жоғалып, майдан даласында жан тапсырып, туған еліне оралмаған батырларымыздың фотосуреттерін ұстаған туған-туыстары орталық алаңмен жүріп өтті.

Шеруге 500-ден астам солтүстікқазақстандық қатысты. Олар еліміздің тыныштығы үшін соғысқан біздің ата-әкелерімізді ұмытпаса екен. Және еліміз осындай қанды шайқасты көрмесе екен деп тілейді.

Бүгінгі шеруге Қощығұловтар отбасы да қатысты. Олардың атасы Сәдуақас Қасымұлы ҰОС-ында жанын шүберекке түйіп, жаумен шайқасыпты. Және 21 жасында соғыстан аман есен үйіне оралған.

Мереке күні сахна төрінде Отан, Жеңіс, ҰОС-ы жайында патриоттық әндер шырқалды.

Бұдан соң қаламыздағы барлық мектеп оқушылары ұзындығы 58, ені 1,5 метр болатын жеңіс матасын ұстап, орталық алаңнан жүріп өтті.

Шеруге шыққан оқушылар қызыл түсті Жеңіс матасын облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырмақ.

Мерекені тойлау үшін орталық алаңға жиналған жерлестеріміз баршасын ұлы жеңістің 69 жылдығымен құттықтап жатты.

Ал мына жерде солтүстікқазақстандықтарға солдат ботқасы үлестірілді. 30 келі қарақұмықтан дайындалған астың дәмін татуға келгендердің қатарында шек болмады. Олар ұзын-сонар кезекке тұрды.

Ал, мәдениет және демалыс саябағында “Жеңіс үшін рахмет” атты балаларға арналған театрланған мерекелік бағдарлама ұсынды. Мұнда облыс орталығындағы шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті.

 

Бану Ахметова