Мәдениет

Қазақ театрынан – балаларға сыйлық

 

“Бұртима” ертегісін театр ұжымы алғаш рет сахналап отыр. Туынды қырсық қоян жайында. Онымен достасу үшін ойын ата, “елгезек” атты тиін, маймақ та келеді. Бірақ, Бұртима олардың ешқайсысымен достасқысы келмейді. Керісінше дөрекі мінез танытып, қуып жібереді. Бірақ, қойылымның соңында қырсық қоян бәрімен тіл табысып, достасып кетеді.

Қойылым кішкентай көрермендермен ойын түрінде өтсе де, оның балаларға берер тәрбиелік мәні зор. Яғни, бұл туынды оларды тату-тәтті және бір-бірімен дос болуға үйретеді. Ертегіде барлығының көңілін көтеріп, достастыруға тырысқан ойын атаның рөлін Нұрбол Асқаров сомдады.

Михаил Супонинның “Бука” атты туындысын театр ұжымы қазақшаға аударып сахналап отыр. Ертегіні қоюға бір айдай уақыт жұмсадық дейді мұндағылар.

Бір сағатқа созылған қойылым кішкентай көрерменнің көңілінен шықты.

 

Бану Ахметова