Білім

Петропавлда «Жобаларды басқару» тақырыбында семинар өткізілді

 

 

Өңіріміз аталмыш семинарды алғашқылардың бірі болып өткізуде. Жиынның мақсаты – жас мамандарға кәсіпорында менеджментті ұйымдастыру және жобаларды басқару мәселелерін үйрету.

 

Талғат Аяпбергенов, «Кәсіпқор» холдингіндегі инновация және даму орталығының директоры, тренер:

– Семинар соңында тыңдаушылар қазіргі заманғы бизнес саласынан көп мағлұмат алып шығады деген ойдамын. Жобалардың ішкі құрылымдық жүйелерін түсініп, белгілікті бір салада өзі сынды істі ашқысы келетіндермен тілдесу мүмкіндігі туады

 

Жиынға еліміздің барлық аймақтарынан 40-тан астам жас кәсіпкер мен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатысты. Шара барысында шетелде білім алған отандастарымыз жас мамандармен өз тәжірбиелерімен бөлісіп, көрген-түйгендерін баяндады.

 

Абай Қожамжаров,ҚР көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы:

-Мен өзім осы көлік саласында осы жобаларды басқару бойынша жұмыс істеп жүрмін.Біз сол кезде шетелдік азаматтармен жобаларды тиімді жүргізу бойынша жұмыс істейміз. Олардың озық технологияларын өзімізде тиімді пайдалануды қолға алдық. Біз мемлекет қаражатын үнемдеп және сапалы жолдар салуға тырысамыз.

 

Алдағы уақытта мұндай семинарлар еліміздің өзге де аймақтарында өткізіледі деп жоспарланған.

 

Мағжан Ахмадина