Без категории

Оқушылар мен студенттер майдангерлердің естеліктерін жинақтауда

 

 

Ұрпаққа азат күн сыйлағандардың бірі- Сұлтан Мұхаметжанов. Тоқсанның екеуіне келген қария далаға шығып серуендегенді ұнатады. Мектеп оқушыларының келетінін күткен майдангер, бүгін ертесімен орден, медальдерін тағынып, қонақтарды қарсы алуға сақадай сай отыр. Соғыс жылдары көрсеткен ерліктерімен бөліскенді де жаны сүйеді. Әсіресе, жеңіс таңын қарсы алғаны, қарияның есінде бүгінгідей анық сақталған.

 

Сұлтан Мұхаметжанов, ҰОС ардагері:

– Жеңісті госпитальда қарсы алдым.

 

Сұлтан Мұхаметжанов соғыстан кейін 40 жылдан астам уақыт қаржы саласында еңбек етіпті. Қарияның жүріп өткен жолы кімге болмасын үлгі. Алапат жылдарда өмір сүрген жанның басынан кешкен оқиғалары кімді болмасын ойландырары анық. Осындай естеліктерді жинап жүрген Әл- Фараби мектеп-лицейінің оқушылары майдангерлердің әңгімелерін бейнетаспаға жазып, олар жайлы фильм жасамақ.

 

-Біз оларды жазып алып, оларды үнемі қарап отырамыз. Олардың жүріп өткен жолы бізге үлгі.

-Қарияларымыз азайып бара жатыр. Ендігі келер ұрпақ олардың естеліктерін естімеуі мүмкін. Ал осы деректер арқылы олар ардагерлердің қандай болғанын, олардың ерліктері жайлы біле алады.

 

Бұл игі шараны оқушылар өткен жылы қолға алған. Әзірге, тек 11 ардагер жайлы фильм түсіріпті. Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай олар барлық майдангерлерді қамтуды жоспарлап отыр.

 

Мағжан Ахмадина