Мәдениет

Халық шығармашылығы фестивалі

“Халық шығармашылығы” фестиваліне қала мен облыс аудандарынан 25 өнерпаз қатысуға ниет танытқан. Байқаудың шарты бойынша олар ән шырқау, би билеу және аспапта орындаудан шеберліктерін көрсетті.

Алғашқы болып сахна төріне өнер колледжінің студенті Алма Жанай шықты. Ол “Қызылжар” әнін орындап, көрермендерді сыңғырлаған дауысымен таңдай қақтырды. Жас өнерпаз бұл әнді үлкен сахнада екінші рет орындап тұр.

Ал Уәлиханов ауданынан келген “Кербез қыз” би тобы сахнаға өзбек биімен шықты. 7 жыл бұрын құрылған бишілер тобы түрлі байқаулардың лауреаты атанып

Сондай-ақ домбырамен терме орындағандар да болды. Жамбыл ауданының домбырашысы сахнада “Туған жер туралы толғауын” күмбірлетті. Байқаудың соңында әр аталым бойынша жеңімпаз атанғандарға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен бірге, осы күні ҚР ҰҚК шекара қызметінің ансамблі де қалалықтарға концерттік бағдарламасын ұсынып, әннен шашу шашты.

Мерекелік шарада шекарашылардан жасақталған ансамбль мүшелері патриоттық және халықтық әндерді орындап, көрермендер көңіліне қуаныш сыйлады.

Бақыт Сәдуақасов