Спорт

Солтүстікқазақстандық оқушылар радиоспортты меңгеруде

 

Қазір үйірмеге қатысушылар Украинадағы Краматорск қаласымен байланысқа шығып отыр. Мұндай ақпарат алмасу балалардың өзге елдің балғындарымен тілдесіп, тәжірибелерін ұштауына септеседі дейді ұйымдастырушылар.

 

Ақан Тұрлыбаев, Бескөл орта мектебінің қосымша пәндер ұстазы:

-Ол балалардың интернеттегі хабар алмасуынан қызығырақ.

 

Үйірмеге қатысушылардың бірі – Азамат Мұстафин. 5-ші сынып оқушысы аталмыш дәрістерге 3 айдан бері қатысып келеді. Өз өмірін әскери саламен байланыстырғысы келетін оқушы келешекте аталмыш дәрістердің тигізер пайдасы мол болмақ дейді.

 

Азамат Мұстафин:

Біз адамдармен сөйлесіп, әңгімелесеміз. Бірбірімізге хабар береміз. Радиоспортпен келешекте де айналысқым келеді.

 

«Патриот» радиоклубының ашылуына Қорғаныс министрлгі 1 млн теңгеден астам қаржы бөліпті. Қазіргі таңда өңірімізде мұндай клубтар саны үшеу. Алғашында балалар саны аз болса, бүгіндері радиоспортқа деген оқушылардың қызығушылығы артқан. Ең бастысы үйірмеге жазылу тегін.

 

Станислав Стаханов,«Қазақстандағы радио әуестік және радиоспорт федерациясы» СҚОФ директоры:

-Бұл клубтың ашылуы біздер үшін үлкен қуаныш. Осы оқиғаны 5 жылдан астам уақыт күттік. Кейін қаржы бөлініп, сыныпты жарақтап алдық. Қазір бар керекпен қамтылып отырмыз. Бүгіндері радиоспортқа деген балалардың қызығушылығы да артып келеді.

 

Әзірге балалар радиотелеграфия бағытында ғана жұмыс істеп жүр. Ол Морзе әліппесі арқылы тілдесу. Келешекте педагогтар алдында радиоспорттың өзге де түрлерін балғындар бойына сіңіру мақсаты тұр.

Мағжан Ахмадина