Спорт

Шинкиокушинкай каратэден ашық облыстық турнир өтті

 

 

Осыған дейін бұл турнир қалалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп келген. Ал биылдан бастап дене тәрбиесі және спорт басқармасының шешімімен шинкиокушинкай каратэден алғаш рет ашық облыстық турнир ұйымдастырылуда. Тартысты додаға Ғ.Мүсірепов ауданы, Петропавл және Ресейдің 4 қаласынан 5 пен 13 жас аралығындағы 200-ге жуық спортшы жиналды. Бірінші болып тотамиде 25-30 келі салмақ дәрежесіндегілер белдесті. Ұлдардың жасы кіші болса да, олар намысты қолдан бермей, бас жүлде үшін барын салып таласуда. Қатарында көкшетаулық Еркебұлан Кайруллинов те бар. 8 жасар спортшы каратэмен 5-ші жыл айналысады. Осы уақыт аралығында қоржынына бірнеше медаль жинаған. Бұл жолы да өзіне сенімді. Ол алғашқы жекпе-жегінде көкшетаулық қарсыласы Алексей Межинскийге бірнеше рет аяқпен соққы жасап, тізе бүктірді.

 

Еркебұлан Қайруллинов, Көкшетау қаласы:

-Каратэ әдістерін орынды қолданғандықтан бірінші қарсыласымды жеңдім.

 

Аталған дода ресейліктер үшін тәжірибе алмасу болса, жерлестерімізге республикалық сайыстарда өнер көрсетуге жол ашпақ.

 

Андрей Юрин, Ишим қаласы, РФ:

Бұл жарысқа 8 тәрбиеленушім қатысады. Бұл біз үшін үлкен сабақ. Қате тұстарымыз болса, алда ескеріп оны түзетуге тырысамыз. Бұл жарысқа 7-ші рет қатысудамыз. Мен және тәрбиеленушілерім Ресей мен Қазақстан арасында осындай достық байланыстың жақсы екеніне қуанамыз. Біз бірлесіп жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге кәміл сенемін.

 

Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер  кубок, диплом және сыйлықтарға ие болды.

 

Берік Қасен