Спорт

“Қызылжар СК” және “Востоктың” кездесуі

 

Осы жолы жергілікті алаңда петропавлдық “Қызылжар СК” командасы мен өскемендік “Восток” кездесті. Ойын басталысымен екі жақ та бір-бірінің қақпаларына соққы жасап үлгерді. Алғашқы голды өскемендік шабуылдаушы Айдар Арғымбаев соқты.

Кейін жергілікті аяқдоп шеберлері қарсы қақпаға бірнеше соққы жасаған еді, бірақ одан түк шықпады. Дегенмен 82 нөмірлі Серік Досманбетов ұтымды сәтті дер кезінде пайдаланып, есепті теңестірді.

Бірінші таймның аяқталуына санаулы минуттар қалған кезде, өңір футболшысы Серік Досманбетов тағы бір голдың авторы атанды. Нәтижесінде алғашқы тайм 2:1 есебімен жергілікті құрама еншісіне бұйырды.

Екінші тайм да тартысты басталды. Екі команда ойыншылары бір-бірінің қақпаларына допты дарытуға тырысқанымен ол талпыныстарынан ешнәрсе шықпады. Нәтижесінде 2:1 есебімен солтүстікқазақстандық команда жеңіске жетті.

Енді мамырдың 18-і күні “Қызылжар СК” командасы өз алаңында қарағандылық “Гефест” құрамасымен тартысқа түспек.

Бақыт Сәдуақасов