Қоғам

Орталық алаңда жұртшылық концерттік бағдарламаны тамашалады

 

Сахна төрінде өнер көрсеткен өрендерді Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі сүйемелдеді. Мұнда елдігіміз бен бірлігімізді паш ететін халық әндері шырқалды. Қазақтың “Гүлдер”, “Қамажай” билері ерекше шеберлікпен орындалды. Осылайша кезекпен өнер көрсеткен облыс орталығының шығармашылық ұжымдары жиналғандарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бұл шара – ырыс пен ынтымақтың, бейбітшілік пен келісімнің мерекесі. Қазақстан халқының бірлігі күні барлық ұлт пен ұлыстарды жақындата түсті. «Бірлік болмай тірлік болмас». Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 Мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлауға келгендердің қатарында шек жоқ.

Сахнада солтүстікте мекен еткен барлық ұлыстар өздерінің ұлттық билерін билеп жатты. Мерекелік шарада облыс орталығының “Серілер” вокалдық тобы да әннен шашу шашты. Не бары үш жыл болған жас шығармашалық ұжым 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған. Олар бір халық болып тойлайтын мерекеде “Шын жүректен” әнін орындады.

Қазақ-бауырмал халық. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген  жат жұрттардың бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекетке айналды. Міне, татулықта ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлт өкілдері баршасын мерекемен құттықатды.

Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

 

Дінмұхаммед Оралхан, студент:

-Елбасының арқасында біз осындай дәрежеге жеттік.

 

Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел болсын. Қазақстан шаңырағының астында тұрып жатқан сан түрлі ұлт пен ұлыстар мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосып, болашаққа бірге қадам басайық.

 

Бану Ахметова