Қоғам

Өңірді мекендеген түрлі ұлттар өкілдері мерекелік шеруге шықты

 

Ынтымақ пен бірлікті паш еткен шеруге қатысушылар ұлт пен ұлысқа бөлінбей, көк байрағымызды желбіретіп, бір- бірін осы жарқын мерекемен құттықтауда.

Міне бір шаңырақ астында тату- тәтті тұрып жатқан солтүстікақазсандықтар көші жүріп кетті. Ақырын аяңдап, Сүтішев көшесіне бет алған олар ұрандатып, ел бірлігін паш етуде.

 

Мағжан Ахмадина, тілші:

– Ұлттық мәдени орталық өкілдерінің басын біріктірген мерекелік шеру М.Жұмабаев көшесінен бастау алмақ. Оған жалпы саны 1000-ға жуық адам қатысуда. Теріскейдің құбылмалы ауа райы да бұл күні жомарттық танытып, алаңға жиылғандарға сәттілік тілегендей. Жадыраған жайма-шуақ, жылы леп мереке шырайын аша түсті. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі, бәрінің жүздерінде шаттық.

 

Салтанатты шеру бағытынан жаңылмай, көше бойымен жүріп келеді. Оның қатарында этномәдени бірлестіктер өкілдері мен қаламыздағы колледж, мектеп оқушылары мен университет жастары.

 

Оңалай Аманбай,М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Қазақстан көпұлтты мемлекет. Сондықтан мызғымас ұлттар достығы нығая берсін.

 

Қолдарына достық шаңырағы мен жалаушалар ұстаған белсенді қала тұрғындары достық әнін шырқауда. Орталық алаңда бір аялдаған шеруге қатысушылар, әрі қарай «Тәуелісздік» стеласына беттеп, жүріп кетті. Діттеген орынға келген жастар бұл жерде түрлі халықтардың әндерін шырқап, биін биледі.

Тұрғындар мерекелік шеруден, еліміздегі халықтар арасында мызғымас достық орнағандығына көз жеткіздік дейді. Еліміздегі тұғырлы тәуелсіздікті паш ететін стела маңына жиылғандар бұл жерде түрлі ойындар ойнап, кейін өңір жетекшісімен естелік суретке түсті.

 

Мағжан Ахмадина