Спорт

Петропавлда еркін күрестен қала біріншілігі аяқталды

Екі күн бойы белдесіп, сайыстан сүрінбей өткен спортшылар жартылай сында 1,2,3 орындар үшін таласуда. Қола медальді иемдену үшін боз кілемде 35 келі салмақ дәрежесіндегі петропавлдық Мұхаммед Ахметов пен Дәулет Жолдасқали белдесті. Екі спортшы да осал емес. Дей тұрғанмен бап пен бақ қатар жүретін жерде қарсыластар тек өз күші мен ебіне ғана сене алады. Міне, берілген уақыт та аяқталып, 12:7 ұпайымен Мұхаммед ақтөбелік Дәулетті жеңді.

 

Мұхаммед Ахметов, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Жекпе-жек қиын болды. Қарсыласым мықты болды.

 

Үздік үштікті қорытындылау үшін боз кілемге петропавлдық Олжас Амангелді де шықты. 42 келі салмақ дәрежесінде белдескен Олжастың қарсыласы Көкшетаудан келген. Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ кімнің мықты екенін айқын аңғаруға болды. Өйткені жерлесіміз өз қарсыласының осал тұсын тауып, 10/0 есебімен айқын жеңді. Олжастың еркін күреспен айналысып жүргеніне көп бола қоймапты. Не бары екі жыл ғана.

 

Олжас Амангелді, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Бұған дейін кіммен белдескені жайында.

 

Кеден қызметінің полковнигі Қайсар Малғаждаровты еске алуға арналған қалалық ашық біріншілікке 180 спортшы қатысуда. 14-15 жастағы спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жек өткізді.

Бүгін турнирдің соңғы күні. Бұл жарыста Степногорск, Ақтау, Көкшетау және солтүстік өңірдің спортшылары көш бастады.

 

Бану Ахметова