Қоғам

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру қажет

Кездесуде 4 мәселе қарастырылды. Соның алғашқысы қоғамдық мониторинг нәтижесі болды. Өткен жылдың қыркүйек айында кәсіпкерлер палатасы 30 мемлекеттік қызмет түрінің жүзеге асырылуын бақылауға алған. Тексеріс нәтижесі көңіл көншітпейді. Көптеген мемлекеттік органдардағы көрсетілетін қызмет түрлері интернет сайтында көрініс таппайды екен. Бұдан өзге тағы 13-нің орындалуы талаптарға сай емес.

 

Мұрат Жәкенов, СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

-Регламентті сақтамағандар қатарына табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы, Салық департаменті, Кедендік бақылау департаментері кіреді.

 

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі тапсырысы бойынша, өңіріміздегі құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдері тексерілген болатын. Оның нәтижесінде мемлекеттік стандартты бұзудың 150 фактісі тіркелген.

 

Дулат Тайшабай,ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша басқармасының бөлім басшысы:

-Аққайың, Мамлют, Тайынша аудандарында мемлекеттік қызмет көрсететін нысандар мүгедектерге сай жарақталмаған болып шықты. Ал кей аудандарда мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар қолжетімді орынға орналастырылмайтын көрінеді.

 

Кездесу соңында қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдарда көрсетіп отырған қызмет сапасына көңіл бөліп, ішкі бақылауды күшейтуді тапсырды.

 

Мағжан Ахмадина