Билік

Ғ.Мүсірепов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау шаралары басталып кетті

 

 

Кейін әрбірінің тіккен шаңырағын аралап, қонақ болды. Сонымен қатар түрлі ұлт дәстүрлерімен танысып, өнерін тамашалады. Бұдан соң жаңартылған стадионға аялдаған облыс әкімі  футбол турнирінің жеңімпаздарын марапаттап, жас аяқдоп шеберлеріне ойын жабдықтарын тарту етті. Кейін өңір басшысы мерекеге орай ұйымдастырылған балалар шығармашылығы ұжымдарының гала-концертін тамашалады. “Астана” саябағына бас сұғып, балабақша тәрбиеленушілерінің өнерін байқады. Сондай- ақ жуырда ашылған “Юра дәуіріндегі” паркінде диназаврлар әлеміне саяхат жасап, балалар аттракциондарының жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар өңір жетекшісі Ұлы жеңіс күні қарсаңында екі аудан ардагерінің үйінде де болып, бейбіт аспан сыйлаған көнекөз майдангерлерге “Отау-тв” пенал-қабылдағышы мен бір-бір теледидар сыйлады.

 

Мағжан Ахмадина