Энергетика

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ өткен жылды қорытындылады

2013 жылы жылу-электр станциясындағы қолға алынуы тиіс барлық шаралар толық мөлшерде жүзеге асқан. Жылу электр орталығында жаңа турбоагрегат іске қосылып, қазандық пен турбиналарда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алғашқысына кәсіпорын 712 млн. теңге қаржы жұмсапты. Мұның барлығы сапалы қызмет көрсетіп, шығындарды азайту мақсатында атқарылған.

 

Виктор Бармин, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ 2-ЖЭО директоры:

– Өткен жылы энергия үнемдеу шараларына қатысты жұмыстар кең көлемде жүргізілді. Былтыр 3 секцияны алмастырдық. Оған 192 млн. теңгеден астам қаржы жұмсадық.

 

Бүгіндері кәсіпорындағы қазандықтардың 70 пайызының тозығы жеткен. Энергетиктердің пайымдауынша, бұл көрсеткішті азайтуға мүмкіншілік бар. Ол үшін тек көлемді қаржы жұмсап, сапалы жұмыс атқару қажет.

 

Виктор Бармин, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ 2-ЖЭО директоры:

– Бүгіндері қуат көлемі тұрақты болып отыр. Ал  2016 жылы жылу беру кезінде мәселелер туындауы мүмкін. Сол себепті, биыл біз жылу жеткізу құрылғыларын жөндеу үшін жобалау құжаттарын жасамақпыз.

 

Ағымдағы жылдың мамыр айында жылу-электр орталығындағы 3-ші турбогенераторды жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Ал  жаздың соңына қарай 8-ші қазандық іске қосылады.

 

Мағжан Ахмадина