Қоғам

Экологиялық заңнама жетілдірілмекші

 

Былтыр экология кодексінің талаптарын орындамаған Ғ.Мүсірепов ауданындағы “Біржан сал-Степняк” ЖШС-не 8,5 млн теңге айыппұл салынған. Ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкер Дидар Сәкенов ірі қараның қиын егістік алқабының аумағына тастағаны үшін жауапкершілікке тартылыпты. Осылайша қоршаған ортаға зиян келтірді деп айыпталған кәсіпкердің ісі бүгінгі дөңгелек үстелде қаралуда. Бизнесмен өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Өйткені ауданда қоқыс төгетін арнайы орын жоқ.

 

Дидар Сәкенов, “Біржан сал-Степняк” ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Айыппұл салудың себебі – бізде былтыр 2013 жылы экология комитетінен тексеріс жүргізген. Тексеріс өткен кезінде негізі бізде күл мен мал қиы. Осыған бізге штраф салды. Біз бұнымен келіспей департаментке жаздық.

 

Бүгінгі дөңгелек үстел диалог түрінде өтті. Сондықтан жиынға келген іскен жандар облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне өз ойларын ашық жеткізе алды. Кейін бас қосуда қаралған мәселелер Ұлттық палатаға жолданбақ. Өйткені, 2007 жылы қабылданған экология кодексіне көп ұзамай өзгертулер мен толықтырулар енгізілмекші.

 

Ұланбек Нұрманов, СҚО кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің сарапшысы:

– Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 20-дан астам экологиялық проблемалар бойынша өтініштер түсті. Осының арқасында дөңгелек үстел өтуде. Бұл дөңгелек үстелден кейін СҚО кәсіпкерлер палатасы ұлттық кәсіпкерлер палатасына өзінің шешімін жолдайды.

 

Өкініштісі сол, өңіріміз бойынша тек Петропавл қаласында ғана қоқыс төгетін заңдастырылған орын бар көрінеді.

 

Бану Ахметова