Спорт

Бокстан облыстық турнир басталды

 

 

Чемпионат шымылдығын алғашқы болып 46 килограмм салмақ дәрежесінде жерлесіміз Тимур Бинатов пен ақтөбелік спортшы Наурызбек Бектегенов ашты. Тимурдың боксқа аяқ басқанына 5 жылдай болса, қарсыласы Наурызбек бұл спортқа енді ғана бет бұрған. Кездесуде солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласына шабуыл жасауға мүмкіндік туғызбай, өз тарапынан ауыр соққыларды дарыта білді. Ақыры 3 раундттық жекпе-жек Тимурдың пайдасына шешілді.

 

Тимур Бинатов, боксшы, Петропавл қаласы:

-Қарсылас боксшы мықтылығын көрсетті. Екеуіміз техникалық жағынан бірдейміз, ал физикалық тұрғыдан ол шамалы әлсіздеу екен. Жұдырықтасу кезінде ақтөбелік спортшы тез шаршап қалды.

 

Дәл осы салмақ дәрежесінде шаршы алаңда Асет Нұрғисов пен Вадим Чеботарев қолғап түйістірді. Былғары қолғап шеберінің соққы жасаудағы шеберліктеріне көрермендер өз ықыласын білдірді.

Турнирде Ақтөбе, Қостанай, Рудный, Петропавл мен облыс аудандарынан бөлек, көршілес Омбыдан 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қолғап түйістірді.

 

Антон Лопатин, бокстан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары:

-Жарысты жыл сайын өткіземіз. Александр Лебедев өңіріміздің белді боксшысы ғана емес, сондай-ақ елімізге де танымал болған спортшының бірі. Оның шәкірттері Жанат пен Азамат Жақиянов, Артем Языков секілді даңқты спортшылар бапкерлікпен қатар әлем ареналарында лайықты өнер көрсетіп жүр.

 

Чемпионатта жүлдегер атанған былғары қолғап шеберлері медальдармен марапатталды.

 

Бақыт Сәдуақасов