Без категории

Тың жерлерді игеру тарихы туралы жаңа кітап

 

Облыстық мұрағатта тың және тыңайған жерлерді игеру туралы ақпараттар молынан сақталған. Осы құнды деректер бүгін көрмеге қойылды. Оның ішіндегі экспонаттар 50 жылдары тұрмыста пайдаланылған киім-кешектер, аяқ киімдер, шам, шәйнек, пешті көруге болады. Сонымен қатар, тыңды көтеруге қатысты маңызды мемлекеттік құжаттар бар. Түрлі қаулылар мен фотосуреттер де өткен күндердің куәсі ретінде көрмеден орын алған. Осы жәдігерлердің ішінде ең құндысы мына құжат. Ол 1954  жылы кеңес үкіметі мен партия орталық комитетінің шығарған қаулысы.

Тыңның 60 жылдығына арналып шығарылған “Тың эпопеясытарих таразысында”  атты кітаптың авторы Сәуле Мәлікова. Жаңадан жарыққа шыққан кітап 1954-1964 жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын реформалау және кеңес аграрлық саясатының өңірде жүзеге асуынан сыр шертеді. Туындыға мұрағат қорындағы тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысты барлық материалдар енгізілген. Онда 1954-56 жылдардағы солтүстік өңірдегі 19 совхоздың қалай құрылғандығы мен оның жағдайымен танысуға болады.

 

Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік мұрағатының директоры:

– Тарихта “Тың эпопеясы” деген атпен қалған азық-түлік молшылығын жасау бағдарламасының Қазақстаннның бет- бейнесін мүлдем өзгертіп жібергендігі де белгілі. Саяси мақсатты көздеген аграрлық саясаттың салдарынан Қазақстан жерінің ең көп мөлшері зардап шекті.Өкінішке қарай сол кезеңде “тың игеру”  ісі жаппай “жеңіс” пен “жетістік”, “бас айналдырар табыстар” ретінде мазмұндалды.

 

Тың игерудің 60 жылдығына арналған дөңгелек үстелге ардагерлер, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері келді. “Асыл мұра” орталығының төрағасы Таңат Сүгірбаев  тыңның 60 жылдығына арналған кітаппен жіті танысып шығыпты.

 

Таңат Сүгірбаев, “Асыл мұра” орталығының төрағасы:

40 тан астам қаулылар шыққан екен.

 

Тарихи жылдарға арналған көрме бір ай көлемінде жұмыс жасайды.

 

Бану Ахметова