Бизнес және экономика

Облыста алғашқы жеке меншік индустриалдық аймақ құрылатын болды

 

 

“Солтүстік машинажасау зауыты” бұрынғы Шағын литражды қозғалтқыштар зауытының ғимаратында орналасқан. Кәсіпорынның бас директоры Илья Теренченконың айтуынша, әзірге ірі тапсырыстар көп емес. Алдағы уақытта абаттандырумен айналысып, шойыннан орындықтар сияқты қалаға көрік беретін шағын формаларды құюды жоспарлауда. Енді біздің аумаққа бірнеше кәсіпорынның келуі ісімізге серпін береді дейді.

 

Илья Теренченко, “Солтүстік машинажасау зауыты” ЖШС бас директоры:

-Біздің зауыттың маңына бірнеше кәсіпорын шоғырланады. Бұл тек бізге ғана емес, өңірдің дамуына да өз пайдасын тигізеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары құрылады.

 

Екіжақты келісімнің аясында машинажасау және қайта өңдеу өнеркәсібі саласында бизнес-серіктестер мен қуатты клиенттерді барынша тарту көзделген. Сонымен қатар, “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктері жайлы түсіндіретін болады.

 

Нұрлан Омаров, “Солтүстік” ӘКК” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы:

-Алдағы уақытта осындай бірнеше өндіріс орындарын құруды жоспарлаудамыз. Бұл – шағын және орта кәсіпке арналған аймақ.

 

Бұл сонымен жеке меншік индустриалық аймақ құру бойынша жасалған алғашқы меморандум. Мамыр айының соңына тараптар бірлесіп “Солтүстік” индустриалды-инновациялық паркі” ЖШС-н құрып, оны дамыту жағын қарастырмақшы.

 

Данаш Хамзина