Балалар

Бір топ солтүстікқазақстандық әскери борышын өтеуге аттанды

 

Бүгін бір топ солтүстікқазақстандық әскери парызын орындауға аттанғалы тұр. Осы жолы 100 азаматтың 16-сы республикалық гвардияға алынса, қалғандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жіберілмек. Оларға қойылған талап та жоғары.

 

Әскери борышын өтеуге Мейірбек Утенов те аттанғалы тұр. Ол шекара қызметіне бармақшы. Отан алдындағы парызын өтегеннен кейін, өмірін әскери саламен байланыстырсам дейді.

Отан алдындағы борышты атқаруға Алматы қаласына аттанып бара жатқан солтүстікқазақстандық сарбаздарды олардың ата-аналары мен туған-туысқандары шығарып салды.

Жалпы көктемгі әскерге шақыру науқанында ішкі әскерлер құрылымдарына 700 солтүстікқазақстандық сарбаз қабылданады.

 

Бану Ахметова