Қоғам

Солтүстікқазақстандықтар ел Президенті айқындаған міндеттерді жүзеге асыруда

“Сұлтан-элеватор-дирімен-макарон кешені” – өңірдегі іргелі кәсіпорындардың бірі. Олар өздерінің еккендерін өздері сақтап, үгіп, одан талғамы жоғары тұтынушының көңілінен шығатын түрлі макарон және кондитер өнімдерін шығарады. Диірмендегі мына бөлшектеуге арналған аппарат қалта қапшықтарға 1 сағаттың ішінде жұмсақ бидайдан үгілген жоғары сапалы ұнның 5 тоннасын салады екен. Руслан Уразгильдеевтің осында реттеуші оператор болып орналасқанына 3 жыл болған. Істің бәрі автоматты түрде атқарылады. Машинаға керегін әперіп, дайынын алып тұру қажет дейді.

 

Руслан Уразгильдеев, реттеуші оператор:

-Ұн пакеттерге түсіп отырады. Кейін қапшық желім арқылы өтеді. Содан соң әрбір алтауы пленкамен оралады.

 

Макарон цехында да қызған жұмыс.

 

Данаш Хамзина,тілші:

– Мұнда күндіз-түні макарон өнімдері әзірленеді. Цехта негізі 4 желі бар. Қазір соның тапсырыс бойынша 2-уі қызу жұмыс істеп тұр

 

Тапсырыс әрқашан да жетіп-артылады дейді кәсіпорын өкілдері. Компания макарон өнімдерінің 30-дан астам түрін шығарады. 5-уі соңғы екі жылда қосылған. Жоғары технологиялы швейрациялық Бюлер құрылғысының жалпы өнімділігі – сағатына 8 мың тонна.

Кесіліп, кептірілген тауар автоматты түрде пакетке салынып жұмысшылардың қолына түседі. Олар кезекпен бірнешеуін арнайы қапшықтарға салады.

 

Елена Ткачева, “Сұлтан-элеватор-дирімен-макарон кешені” АҚ директорының көмекшісі:

-“Сұлтан-элеватор-дирімен-макарон кешені” ИСО-22 000 және ИСО- 9001 халықаралық талаптарына сәйкестікті сертификаттауды сәтті өтті. Сондай-ақ, кәсіпорын өз өнімдерін Кедендік Одаққа кіруге байланысты азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі саласында аталған одақ талаптарына сәйкес рәсімдеді.

 

Дайын өнім Қазақстаннан басқа Тәжікстан, Қырғызстан, Моңголия, Ресей мен Украинаға жөнелтіледі. Өткен жылы компания экспортқа 4 мыңнан астам тауар шығарған. “Сұлтан-элеватор-дирімен-макарон кешені” АҚ-ң сыйымдылығы 93 мың тонна болатын элеваторы бар екенін де атап өткен жөн. Кәсіпорында бүгінде 360 адам жұмыс істейді.

 

Данаш Хамзина