Құқық қорғау органдары

“Отбасы. Жасөспірім. Көше” шарасы аяқталды

 

Рейдттік шара көрсетіп отырғандай, кей жас отбасылар өз балаларының алдындағы жауапкершілікті түсінбейді. Өйткені бірқатарының баспанасындағы санитарлық-гигиеналық жағдай баланы тәрбиелеуге мүлдем лайықталмаған. Тәртіп сақшылары шара барысында бірінші кезекте, осындай тұрмыс-қауқары нашар отбасыларын басты назарға алды. Маскүнем ата- аналардың көршілерімен де тілдесті.

Ішкі істер басқармасының қызметкерлері ойын-сауық орындары мен қала көшелерінде де түнгі рейд жүргізді. “Отбасы. Жасөспірім. Көше” операциясының 3 күнінде полицейлер түнгі сағат 11-ден таңғы сағат 6-ға дейінгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге қатысты 34 фактіні анықтаған. Бұл жағдайда жасөспірімдердің ата-аналары мен қамқоршыларына әкімшілік хаттама толтырылса, тағы 4 ересек қоғамдық орында арақ-шарап ішкені үшін жауапқа тартылды. Шараның қорытындысы бойынша, 14 тұрмыс жағдайы төмен отбасы мен 11 жеткіншек ювеналдық полиция бөліміне тіркеуге алынған. Аталған рейдтік шараларды полицейлер апта сайын өткізіп тұрады.

 

Бақыт Сәдуақасов