Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясының 21-ші сессиясында Елбасы Достық үйлерін нығайтуды тапсырды

 

 

Тәуелсіз Қазақстан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мекен бола білді. Бүгінде елімізді мекендеген ұлттардың өз тілі мен ділін, мәдениетін дамытуда кедергі жоқ. Оның бәрі Елбасының көреген  саясаты мен елімізде қалыптасқан ұлтаралық достықтың негізінде жүзеге асуда. Ал оны Қазақстан халқы Ассамблеясы одан әрі нығайта түсті. Қоғамдық институттың жұмысына биыл 19 жыл толып отыр. Таяуда Елордадағы бейбітшілік пен келісім сарайында өткен Ассамблеяның 21 сессиясын ашқан Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ауызбіршілік пен татулықты одан әрі нығайтуда қоғамдық институтқа жүктелер міндет одан да ауқымды болатындығын атап көрсетті.

 

Чингиз Курбатов, Қазақстан халқы ассамблеясы СҚОФ әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары:

-Ассамблея сессиясына осымен екінші жыл қатысып отырмын. Алқалы отырыста баса назар аударылғаны, елдегі тыныштық пен ұлт аралық татулықты нығайтуда жұмыс атқару. Бірлік ел болашағының кепілі деп атап көрсетті ұлт көшбасшысы, біз онымен толық келісеміз, халықтар арасындағы достықты одан әрі бекітуде жұмыс атқаратын боламыз.

 

Өңіріміздегі әзербайжан ұлты өкілдерінің жалпы саны 2 мыңға жуықтаса, бүгінгі күні олардың 11-і Ассамблеяның облыстық филиалына мүшелікке енген. Отанымыз ортақ, оны басқарған Президентіміз ортақ деген қағиданы ұстанған олар еліміздегі достық пен татулықты одан әрі нығайтуда аянып қалмаймыз дейді.

 

Чингиз Курбатов , Қазақстан халқы ассамблеясы СҚОФ әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары:

-Сессияда ұлт көшбасшысы достық үйлері жұмысын одан әрі дамыту керектігін міндеттеді. Ондай орталықтар тек ірі қалаларда ғана емес, аудандарда да жұмыс істеулері тиіс. Біз ол тапсырмаларды ендігі жерде аудандарда жүзеге асыруды қолға алып, жастар арасында ұлттық патриотизмді қалыптастыру тұрғысында еңбектенетін боламыз.

 

Ұлттық-мәдени орталықтар санының артуы әр халықтың тілі мен ділін, мәдениетін дамытуға жол ашады.

 

Самат Есмағи