Салық басқармасы

Арақ-шарап сапасын тексеретін арнайы бекет ұйымдастырылды

 

 

Соңғы уақытта спирттік өнімдерді заңсыз шығаратын астыртын цехтар көбейіп кетті. Есесіне тұтынушылар мен оларды өндірушілерден келіп түсетін шағымдар жиіледі. Мәселен, жыл басынан бері жедел уәкілдер 200 құты алкоголь өнімін тәркіледі. Саудаға түскен сапасыз өнімдерде элиталық арақтың маркасы жапсырылғандығы анықталған. Заңсыз іспен айнлысқандарға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Осыған байланысты 23-ші сәуірден қалалық салық басқармасында алкоголь өнімдеріндегі есептік бақылау маркасын тексеретін арнайы бекет ұйымдастырылды.

 

Айбас Нұртазин, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Егер сіз алкоголь өнімі заңсыз жасалған және есептік бақылау маркасы қолдан жапсырылды деп күдіктенсеңіз, Біздің ғимараттағы 43 кабинетке келіп, арнайы сканердің көмегімен оны тексеруіңізге болады. Біз тұрғындарды таңғы сағат 9-дан 17. 00-ге дейін қабылдаймыз.

 

Арақ-шараптың заңды түрде өндірілгенін қарапайым тұрғындардан бастап, тасымалдаушы, делдалдарға дейін келіп тегін тексере алады. Егер күдік расталса, жергілікті салық мамандары істі бірден сот қарауына жолдайды. Және өнімнің аталымын салық комитетінің ортақ базасына енгізеді.

 

Айбас Нұртазин, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Есептік бақылау маркасының жалған есместігіне көз жеткізу үшін бізге қарапайым тұрғындардан кассалық-бақылау чегі қажет. Ал арақ-шарапты жеке және көтерме бағамен саудалайтын саудагерлерде жөнелтпе құжатты болуы керек.

 

Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының мамандары бұл тексерісті жыл аяғына дейін жүргізеді.

 

Берік Қасен