Балалар

“Отбасы. Жасөспірім. Көше» акциясы аяқталды

 

 

№ 23 орта мектеп оқушылары жолда жүру ережелеріндегі негізгі элементтерді көрсетуде. Көше бойында кездесетін белгілерді қолдарына ұстаған олар қатарластарына ережелерді түсінікті әрі есте қалатындай етіп жеткізуге тырысты.

Танымдық шараға орта буын оқушылары атсалысты. Жалпы мұндай акциялардың оларға берері мол дейді ұйымдастырушылар.

 

Динара Мұғжанова, СҚО ІІД ӘПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы:

Мұндай шаралар тәлім-тәрбие береді. Құқықтарын білуге, жолда жүру ережелерін сақтауға үйретеді. Осындай жедел алдын алу шаралары жиі өтеді.

 

Алаңда жиылған балғындар түрлі викториналарда да бақтарын сынады. Мамандардың сұрақтарына жауап беріп, қазақстандық заңнаманы қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.

 

– Барлығы өте көңілді өтіп жатыр. Біз бүгін викториналарға қатысып, көп мағұлмат алдық.

– Біз балалармен жиылып биледік. Бізге ұнады.

 

Жалпы шараға қала мектептерінен 200 шақты оқушы қатысты.

 

Мағжан Ахмадина