Қоғам

Облыстық прокуратурада терроризм мен экстремизмнің алдын алу туралы семинар ұйымдастырылды

 

Бүгінгі таңда қоғамда терроризм мен экстремизмнен төнетін қауіп-қатер сейілер емес. Сондықтан ел тұрғындарының қауіпсіздігі – құқық қорғау органдарының басты назарында.

Динара Найманова, СҚО прокуратурасының оқу орталығының жетекшісі:

-Ел көлемінде қызмет ететін діни ұйымдардың жұмысын қадағалап, оларды тексеріп тұрамыз. Алайда заңсыз іс қылатын түрлі діни ағымдарды қадағалау оңай емес. Ол үшін барлық құқыққорғау органдары бірігіп жұмыс жасауы керек. Семинарда ақпарат алмасудың тиімділігі туралы айттық.

 

Жиында сөз алған облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Сергей Могунов түрлі секталардың құрбанына айналған жандарға тоқталды. Бұл жағдайлар діни сауаттылықтың таяздығынан орын алған.

 

Сергей Моргунов, СҚО Дін істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы:

-Заңсыз қызмет етіп жүрген миссионерлік ұйымдардың жұмысы ұлт тұтастығына қауіп төндіруі мүмкін. Теріс ағымның қызметі өте қауіпті. Олардың жұмысын қадағалау тіптен қиын. Ал тұрғындар секталарды дәстүрлі діндерден айырып жатпайды. Бұндай ұйымдардың баршасы табынатын жеке бір басшысы болады, сонымен қатар, ұйымдар көбінесе жабық, оқшауланып жұмыс істейді.

 

Құқық қорғау органдарының бірлескен отырысында тәжірибелі мамандар өз ойларымен бөлісіп, діни экстремизм және терроризмге қарсы күресті тиімді етудің жолдарын қарастырды.

 

Бақыт Сәдуақасов