Қоғам

Нұротандықтар әдеби кеш ұйымдастырды

 

 

Әдеби кешті Татьяна Пенькошина ашты. Оның шығармашылығында ҰОС тақырыбы ерекше орын алған. Сондықтан да нәзік жанды бүгінгі кешке келген ардагерлерге өзінің “Двойной аншлаг” поэмасын оқып берді.

Автор елімізді жаудан қорғап, батырлық танытқан бүгінгі ардагерлерімізді ұмытпаған жөн дейді. Сондықтан ол ҰОС жайында жиі қалам тербейді екен. Әдеби кешке келген ардагерлердің қатары аз болған жоқ. Петр Гладков та соғысқа аттанғандардың бірі. Кеудесінен жараланған ол жеңісті 9 мамыр күні госпитальда қарсы алыпты. ҰОС ардагері де бүгінде аздап соғыс жайында өлең жазатын көрінеді. Бірақ қанды шайқастарды есіне жиі алғысы келмейді екен.

 

Петр Гладков, ҰОС ардагері:

– Мен ҰОС жайында жазған ақындардың шығармаларын көп оқимын. Өзім де осы тұрғыда қалам тербеймін. Өмір жайында көп жазамын. Жастардың тәрбиесіне көп көңіл бөлемін.

 

Сондай-ақ, осы кешке еңбек ардагерлері де келді. Солардың бірі –  Фаиль Шайгатаров. Ол келесі жылы Ұлы жеңістің 70 жыл толуына орай ерекше сыйлық жасап жатқандығын айтады.

 

Фаиль Шайгатаров, еңбек ардагері, “Нұр Отан” партиясының мүшесі:

– ҰОС жайында кітап жазып жатырмын. Оны бастағаныма көп уақыт болып қалды. “Они вернулись” деп аталатын жинақты келесі жылы басып шығарсам деймін. Ал, бүгінгі кешке келер болсам, мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрғаны дұрыс.

 

Әдеби кеш  Ұлы жеңіс мерекесіне орай ұйымдастырылды.

 

Бану Ахметова